• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

Дзюдодан Азияның ашық кубогі Шымкентте өтеді

333 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында 20-23 ақпан аралығында Азияның ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жарысқа 1997-1999 жылы туған еліміздің барлық өңірі мен алыс-жақын шетелдерден жекелеген командалар мен спортшылар қатысады. Жарысқа 2000 жылғы спортшылар ата-аналарының жазбаша рұқсатымен жіберіледі. Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарынан және Алматы қаласының командасынан әр салмаққа төрт спортшыдан қатыса алады. Маңғыстау, Қарағанды , Жамбыл облыстарынан және Астана қаласының командасынан әр салмаққа үш спортшыдан жіберілсе, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарының командаларынан әр салмаққа екі спортшыдан қатысады. Ал Ақтөбе және Ақмола облыстарының командасынан әр салмаққа бір спортшыдан бақ сынайды. Алыс-жақын шетелдерден келген командадан әр салмақ дәрежесіне екі спортшыға дейін қатыса алады.