• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

«Арсеналдың» ойыншысы Қазақстанға не үшін келмеді?

329 рет
көрсетілді

«Кардифф Сити» клбуының спорт директоры Алишер Апсалямов жартылай қорғаушы Маруан Шамахтың Қазақстан премьер-лигасына не себепті ауыспағанын мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Бұған дейін Шамахтың Қазақстан премьер-лигасындағы «Алтай» ұжымына ауысатындығы хабарланған. «Маруанның келісімшарты аяқталғандықтан, жақында маған «Алтай» клубының өкілдері байланысқа шыққан болатын. Қос тараптың арасында келіссөздер болғанын растай аламын. Негізінде ол ұсынысты қабылдауға дайын болған. Бірақ, оның сұраған жалақасы тым жоғары болғандықтан, бұл іс сәтсіз аяқталды», – деді Алишер Апсалямов. Айта кетейік, валилік футболшының «Кардифф Ситимен» келісімі 2016 жылдың желтоқсан айының соңына таман аяқталған. Ол «Бордо», «Арсенал», «Вест Хэм» және «Кристал Пэлас» сапында ойнаған. Сондай-ақ, бұған дейін 32 жастағы ойыншыға Алматының «Қайраты» да қызығушылық танытқан.