• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

Патрульдік міндетті атқаруға күніне 5 мың әскери қызметші жұмылдырылады

358 рет
көрсетілді

Жедел мақсаттағы бөлімдер ішкі істер органдарымен бірлесіп, еліміздің 19 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетеді. Патрульдік қызметті атқаруға күн сайын 5000-нан аса әскери қызметші жұмылдырылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов хабарлады. Оның айтуынша, патрульдік-күзет қызмет нәтижесінде қала көшелеріндегі заң бұзушылықтар өткен жылдармен салыстырғанда 38,9 пайызға төмендеді. Бүгінгі таңда Ұлттық ұлан қала көшелерінде құқықтық тәртіпті қадағалап, қылмыспен күреске, мемлекеттік маңыздағы нысандар мен түзету мекемелерін күзетуге қомақты үлес қосуда. Әскери бөлімдерімізбен ІІМ ҚАЖК түзету мекемелерінің сенімді күзеті қамтамасыз етілген. Айдауылдау бөлімшелерімен сотталған және қамауға алынған тұлғаларды айдауылдау жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы және Әскери соттарының отырыстары қамтамасыз етіледі. Ұлттық ұланның арнайы әскери бөлімдерімен стратегиялық және ерекше маңыздағы мемлекеттік нысандар күзетке алынған. Дастан Кенжалин, "Егемен Қазақстан".