• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

Ұлттық ұлан техникалық құралдар кешенін сатып алмақ

565 рет
көрсетілді

Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелері арнайы операцияларды орындау кезінде ату мүмкіндіктерін арттыру мақсатында қару-жарақтың жаңа түрлері, заманауи оптикалық және электронды-оптикалық құрылғылар алынды. Әскери қалашықтардың лаңкестікке қарсы қауіпсіздігі үшін 2017 жылы «ПЗТМ» акционерлік қоғамынан (Петропавл қ.) «Ұлан» күзеті техникалық құралдар жүйесінің мамандандырылған кешенін сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов хабарлады. -2009 жылдан бастап арнайы көліктер – бронды техниканың «Тигр», «Федерал» және «Урал ВВ» сынды жаңа түрлері келе бастады. 2011 жылдан бері «СЕМАЗ» АҚ көлік зауытының «УРАЛ» белгісіндегі автокөліктері әкеліне бастады, - деп атап өтті Бас қолбасшының орынбасары. Кадрларды даярлау мен әскери қызметшілердің кәсібилігін арттыру әскер дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Осы орайда, Мемлекет басшысының Жарлығымен 1997 жылы Ұлттық ұланның Петропавлда әскери училищесі құрылып, кейін оқу орнына Әскери институт мәртебесі берілді. Әскери институт құрылған күннен бастап 2900 офицерлік кадр даярлады, олар бүгінде Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, ҚМ және МКҚ әскери бөлімдерінде қызмет атқарады. Оперативтік-тактикалық деңгейдегі жоғары білікті кадрлар даярлау мақсатында 2010 жылдың қараша айында Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанынан Ұлтық ұлан факультеті құрылды. Сол уақыттан бастап әскерге 50-ден аса әскери іс және қауіпсіздік магистрі даярланды, 120-дан астам офицер біліктілік жоғарылату курсынан өтті. Өткен 2016 жылдың желтоқсан айында аталған факультетте қамтамасыздандыру кафедрасы ашылып, онда тыл, техника және қару-жарақ, тәрбие саласының жоғары білікті мамандары даярлана бастады. Тәуелсіздік жылдары ішінде Президент Жарлығымен қайсарлық пен ерлік танытқаны үшін әр түрлі мемлекеттік наградалармен – 145 әскери қызметші, олардың 40-ы ордендермен наградталды. Сондай-ақ полковник Қайрат Үмбетовке ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы берілді. Жалпы алғанда, атқарылған тиімді жетілдіру шаралары әскердің жаңа сапалы кезеңге шығуына, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін жайттарға қарсы жедел әрекет етуге, еліміздің кез келген аумағында қалыпты, не болмаса күрт ушыққан жағдай кезінде де құқық қорғау және терроризмге қарсы міндеттерді сәтті шешуге мол мүмкіндіктер беріп отыр. Дастан Кенжалин, "Егемен Қазақстан".