• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастады

397 рет
көрсетілді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам кезекті жекпе-жегі үшін дайындығына кірісті, деп журналист Берік Сұлтан өзінің фейсбук парақшасында хабарлады. «Дайындықты бастап жібердік. Қанат Исламның келесі жекпе-жегіне киетін шорты дизайны бітті. Бұл жолы ақ түсті таңдап отырмыз. Оның екі жағы да оюмен өрнектелген. Сол қапталында боксшының жеке логотипі орналасқан. Ал  белінде (алдында) боксшының есімі мен тегі, артқы жағында лақап аты жазылған. Бұйыртса, жақын күндері кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген батыр ұлдарыңыздың келесі жұдырықтасатын күні мен уақытын мәлімдейміз. Бұл жолы да жекпе-жекке бас демеушілік танытып отырған «Zhersu» корпорациясы, яғни Бауыржан Оспанов. Еске сала кетейік, Бауыржан Оспанов – Қанат Исламның осы уақытқа дейін өткізген барлық жекпе-жегінің бас демеушісі әрі жанашыр ағасы. Сондай-ақ, бұл жолғы жұдырықтасуға өзіндік қолдауын білдіріп, демеушілер қатарынан көрінген шымкенттік «Nuray construction» құрылыс компаниясы, оның басшысы спорт жанашыры Алтай Айнабек мырзаға да ерекше алғыс білдіреміз. Жеңіске бірге жетейік! Жекпе-жек туралы ресми хабарлама күтіңіздер. АҚШ-тағы бокс кешін «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсетеді деп жоспарлануда. Қазақтар, алға!» – деп жазған. Бұған дейін Қанат Ислам келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтетіндігін мәлімдеген.