• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2017

«Егемен Қазақстан» журналисі 63 жасқа толды

733 рет
көрсетілді

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы 63 жасқа келген белгілі журналист Серік Пірназарға құрмет білдіріп, туған күнімен құттықтады. Газет басшысы Дархан Қыдырәлі ардагер журналистің ұзақ жылғы еңбек жолы туралы айтып, шығармашылық табыс тіледі және басылым атынан естелік сыйлық тарту етті. Газеттің саясат бөлімінің жетекшісі Жанболат Аупбаев Серік Пірназардың ұшқырлығы мен еңбекқорлығын жастарға үлгі етсе, Қорғанбек Аманжол пайғамбар жасына жеткен әріптесіне арнаған өлеңін оқыды. Жиын соңына қарай Серік Пірназардың өзі де сөйлеп, ұжымға алғысын білдірді. Жақында журналист Серік Пірназардың «Парасат пен пайым» атты кітабы жарық көрген болатын.