• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Күшейтілген режімде жұмыс істеді

318 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жо­лы» ҰҚ» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев қыс мезгілінде темір жол көлігінің жүрісі мен жолаушы тасымалының қалыпты қызмет атқа­руын қамтамасыз ету туралы селекторлық жи­налыс өткізді. Қыс басталғалы бері ауа райы­ның қолайсыздығы Қазақ­станның барлық ай­мақ­тарында төтенше жағ­дайлар тудырды. Қар көш­кіні, бұрқасын, қатты жел, көктайғақ күрделі көлік проблемаларына алып келді. Бірнеше ұшақ сапарлары кейінге шегеріліп, көлік жолдары жабылды. Желтоқсан айы ішінде республикалық маңызы бар жолдардың 156 жабылу оқиғасы тіркелді. Жаңа жылдың 5 күнінде көлік қозғалысына 50 рет шектеу қойылды. Кейбір жол телімдерінде онда­ған көлік, жүздеген адам қар тұтқынында қалып қой­ды. Ауа райының күрделі жағдайында темір жол қоз­ғалысы баяулаған жоқ, бір­қалыпты жұмыс істеді. Бұл кезеңде пойыз көліктің ең қол­жетімді және қолайлы түрі болып, жолаушылар ағы­­нының едәуір өсіміне әкел­ді. Жолаушылар саны жа­ңа­жыл­дық мерекелер кезін­де ана­ғұрлым өсті. Ауа райы­ның күрделі жағдайында темір жол кешенінің қалыпты қыз­ме­тін қамтамасыз етуге «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ көп көңіл бөледі. «Барлық қызметтер кү­шей­тілген, айрықша жұ­мыс тәртібіне көшірілді. Қауіпсіз және үздіксіз тасы­малды қамтамасыз ету бо­йын­ша барлық шаралар қол­данылуда», – деді Қ.Ал­пыс­­баев өзінің сөзінде. Жел­тоқсанның соңғы он күнінде және қаңтардың басында көбінесе ұзын құрамды жолаушылар пойыздары жұ­мыс істеді. 44 жолаушылар пойызына қосымша 500 вагон, кейбір күндері тіпті 7200 орын сыйымдылығы бар 80-ге жуық қосымша вагондар тіркелген. «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Н.Қилыбайдың айтуынша, 50 мыңнан астам жолаушы қар құрсауынан шығарылған. Өткен жылдың желтоқсанында 2 млн-нан астам жолаушы тасымалда­нып­ты. Бұл – 2015 жылдың желтоқсан айымен са­лыс­­тырғанда 100 мың адамға көп. Желтоқсан айынан бері қарай тұтастай алғанда 746 мың текше метр қар шыға­рылып, 81 мың км темір жол тазаланған. Селекторлық жиналыс кезінде Ақмола, Қарағанды, Павлодар жол бөлімшелерінің жетекшілері ауа райының күрделі жағ­дайын­да тасымалды қам­тамасыз ету бағы­тында қол­данылып жатқан шаралар туралы мәлімдеді. Ал компания басшысы Қ.Алпысбаев қосымша тіркемелерді іс­ке асыру үшін жолаушы вагон­дарының толық резервін пайдалану керектігі жайында тапсырма берді. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»