• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

«Шәкәрім» медалі

537 рет
көрсетілді

ақын бейнесін сомдаған майталманның төсінде Абай театрының белді актері, Қазақстанның халық әртісі Бекен Имаханов Құрманғазы атындағы консерваторияның актерлік факультетін бітірген. 1959 жылдан Семей облыстық музыкалық драма театрының сахнасында өнер көрсетуде. Театр сахнасында Ақан серіден бастап тартып, кейіннен Қара Қыпшақ Қобыландының, Бауыржан Момышұлының, Абайдың, Шәкәрім қажының бейнелерін айшықтап сомдай білді. Өмірінің 60 жылға жуығын өнерге арнап, театрда 200-ге тарта образды сахналады. Бекен Имахановтың 80 жылдық мерейтойында  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастығы Азамат Мұхамедчинов облыс әкімі Даниал Ахметовтің арнайы  құттықтауын жеткізді. Сахна саңлағына басқа да ілтипатты лебіздер молынан ақтарылды. Сіз сахнада тұрғанда сөздің құдіретін білетін­ді­гіңіз ерекше. Сіздің сөзге деген ынтаңыз, сөз­ге деген жауапкершілігіңіз өте жо­­ғары, – деді республикалық «Абай» қо­ры­­ның президенті Отантай Кәріпжанов. – Кө­рермен көңілінен шыққан  қазақ фильмдері некен-саяқ. «Қыз Жібек», «Жаушы» сияқты керемет кинолардың қатарын жалғастыратын «Шә­кә­рімнің соңғы күзі» фильмінде Шәкәрім қа­­жыны сомдаған Қазақстанның халық әртісі Бекен Имаханов ағамыздың еңбегі айрықша деу­ге болады. Семейдің Абай атындағы қазақ музы­ка­лық дра­ма театрында еңбек етіп келе жатқан, бү­гінгі буын жастарға ақылшы аға бола білген театр тарланы, сахна саңлағы Бекен ағамыз жай­лы қанша айтсақ та артық емес екендігі рас, –  деп игі тілегін арнады ғалым, профессор Арап Еспенбетов. – Қарауылдағы қарапайым қазақ отбасында өмірге келген ағамыз бүгінде біздің мақтанышымыз. Қазақ атамыз сонау жаугершілік заманда «Хас батырға оң, солы болмайды» деп бекер айтпаған ғой. Сол сияқты, Бекен ағамыздың да, мейлі комедия, тіпті трагедия болсын, қай жанрда да көрерменін бірден баурап, жүрегіне жол тауып алатын  тамаша қасиеті бар. Мерей­тойы­ма ел болып, атсалысып жат­қан­дарыңызға рахмет, – деді Бекен Имаханов. – Рөл­дерді жақсы-жаман, басты немесе кіші деп жі­лік­теп-жіктеу қателік дер едім. Кейбір ша­ғын бейнелердің  өзі жарқ етіп, халық есінде ұзақ сақталып қалады. Мен үшін ойнаған рөл­дерімнің бәрі қымбат. Дегенмен, мен Абай театрының сахнасында жүріп, осы театр­да қойылған пьесалардағы ақындар мен ба­тырлардың көптеген көркем бейнелерін сом­дағаным үшін қуанамын. 1967 жылы Александр Бектің «Волоколам тас жолындағы» Б.Момышұлының бейнесін сәтті шығарғаны  үшін Бекен аға  Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі атағына ие болады. Театр тарланы кейінгі кезде М.Әуезовтің «Қарагөзінде» – Жарылғап, «Айман-Шолпа­нын­да» – Маман, Т.Ибрагимовтің «Жас Абайы­нда» Құнанбай рөлдерін сомдап, қазақ өне­рін биік тұғырға шығарып жүр. Жиналған халықтың ықыласында шек болмады. Өнер саңлағына «Шәкәрім» медалі табыс­талды. Жиында облыс пен қала театрларының әртістері Бекен ағамен бірге халыққа түрлі қойылымдар көрсетіп, көзайым етті.  Раушан Нұғманбекова, журналист СЕМЕЙ