Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында облыс әкімдігі GE Healthcare компаниясымен мемлекет-жекеменшік әріптестігі жолымен елімізде бірінші болып позитронды-эмиссионды томография орталығын құру туралы меморандум жасады. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ресей/ТМД елдеріндегі GE Healthcare бизнесті дамыту және сату жөніндегі аймақтық жетекші Леван Баканидзе қол қойды.
– Облыс әкімдігі Қазақстанда денсаулық сақтау саласында халықаралық стандарттарды қолдану бойынша жұмыстарды жалғастырады. Біз GE Healthcare-
мен денсаулық сақтау тиімділігін көтеру және облыста емделушілерге жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету бойынша аймақтың ағымдағы және стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған ынтымақтастықтың басталғанына қуаныштымыз. Бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында өңірде GE Healthcare жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша бірыңғай орталықтандырылған сервистік келісімшарт жасау мүмкіндігін қарауды көздеудеміз, – деп атап көрсетті аймақ басшысы.
– GE Қазақстанмен денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті мақтан тұтады. Біз медициналық мекемелерді жоғары дәлдіктегі диагностикалық жабдықтармен жарақтандыру, орталықтарды жобалаудан бастап, толық сервистік қолдау және қазіргі заманғы технологиялар бойынша медицина қызметкерлерін оқытуға дейінгі жұмыстардың толық тізбегін жүзеге асырамыз. Терең технологиялық сараптаманы игере отырып, біз осы өңірдегі инфрақұрылымдарды жаңғыртуға өз үлесімізді қосуға әзірміз. Облыстық позитронды-эмиссионды томография – компьютерлік томография орталығы жұмысын ұйымдастыру онкологиялық сырқаттарды ерте анықтауға және емдеудің оңтайлы курсын дер кезінде тағайындауға мүмкіндік береді, – деді өз кезегінде Ресей/ТМД елдеріндегі GE Healthcare бизнесті дамыту және сату жөніндегі аймақтық жетекшісі Леван Баканидзе.
Меморандумды қолдану аясында облыстың инфрақұ-
рылымдарын дамыту және жаңғырту мәселелері қамтылады деп күтілуде. Бұл ретте онкология саласында позитронды-эмиссионды компьютерлік томография жасау үшін облыстық ядролық медицина орталығын құру, белгіленген диагнос-
тикалық жабдықтарға сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, Қазақстандағы емдеу мекемелері жұмысының тиімділігін көтеру үшін кешенді сандық шешімдерді қолдану секілді шаралар көрсетілген.
Денсаулық сақтау саласы мамандарының клиникалық білім деңгейін көтеру аясында тараптар тұрғындардың дер кезінде тексеруден өтуге қатысты хабардарлығын арттыру және сүт безінің қатерлі ісігі скрингі
аумағында кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған бірлескен бағдарламалар құру мүмкіндігі туралы да келісті.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ