• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Бұрын-соңды жаумаған қар

361 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары елорданың климаттық жағдайы күрт өзгеріп, әдеттен тыс суық ауа райымен, бұрқасындармен және қардың қалың түсуімен ерекшеленді. Атап айтқанда, биыл қалада бұрын-соңды болмаған мөлшерде қар жау­ды, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Синоптиктердің хабарлауынша, мұндай қалың қар елордада соңғы он жылда жаумаған. 2016 жылғы 13 қазан мен 2017 жылғы 3 қаңтар аралығында қар полигондарына 2 млн текше метр қар шығарылған. Ал жалпы жиналған қардың көлемі үш млн текше метрге жуықтады. Өткен жылдардың хронологиясы бойын­ша бұл көрсеткіштер жиналған қар­дың көлемінен бірнеше есе артық. Бұрынғы жылдарға жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, 2014 жылы 3,2 млн тонна, 2015 жылы 3,4 млн тонна, ал 2016 жылы 2,9 млн тонна қар шығарылған. Қазіргі уақытта коммуналдық және жедел қызметтердің барлық күштері қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына бағытталған. Ең ал­дымен, әлеуметтік маңызды нысан­дар­дың аумақтары – мектептер, ауру­ханалар, балабақшалар, жаяу жүргінші жолдары және қоғамдық көлік жүретін жолдар тазартылуда. Тұрғын үйлердің аулалары мен орамішілік телімдердің аумағын жергілікті ПИК-тер өз күш­терімен тазартады. Жалпы, механикаландырылған жұмыстарға 2177 арнайы техника, қолмен жинау жұмыстарына 2708 адам тартылды.