• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Өңір басшысымен пікір алмасты

439 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Жабал Ер­ға­лиев Ақмола облы­сының әкімі Сергей Ку­лагинмен кездесіп, пікір алмасты. – Өткен жылды ақмо­ла­лықтар табысты қоры­тын­дылады. Диқандар қауымы 5,7 миллион тонна астық  жи­нап, ауыл шаруашылығы са­ла­сының жалпы өнімі рекорд­тық 300 миллиард теңгеге жетті, – деді С.Кулагин. Сенаторлар Парламент Сенатының атқарған жұ­мыс­тары туралы және қабыл­данған заң жобалары жайлы айтып берді. Көкшетау қаласындағы «Қазақстан АгроИнно­ва­ция­лық Корпорация» жау­ап­кершілігі шектеулі серік­тестігінде болған сенатор­лар көп салалы ауыл шаруа­шылығы техникасын құ­растыру жайымен та­нысты. Мұнда Беларусь және Ре­сей өндірістерінен әке­ліне­тін дайын өнімдерден ауыл шаруашылығы және ком­муналдық шаруа­шылық­қа қажетті техника құрас­ты­ры­лады. Жобаның жалпы құ­ны 3375 миллион теңгені құ­райды. Сенаторлар өндіріс мамандарымен, жұмысшыларымен пікір алмасып, елімізде үде­мелі индустрияландыру ба­ғытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен көмектер жайлы кеңінен айтып берді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы