• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Институттық реформалар халық қолдауына ие

378 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапармен жүрген Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен сенатор Әли Бектаев аймақ әкімі Жансейіт Түй­мебаевпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Оңтүстік Қазақстан облы­сының әкімі сенаторларды об­лыстың әлеуметтік-экономи­калық дамуы туралы ақпаратпен таныстырды. Ж.Түймебаев облыста ауыл шаруашылығы қызу қарқынмен дамып келе жатқаны, аймақта жылыжайлар саны арта түскені, мақта өсіру саласында да ірі жобалар іске асырылғаны туралы айтты. Сенаторлар Түркістан қала­сының тұрғындарымен кезде­суде Парламенттің заң шы­ғару қызметі туралы әңгіме­леді. Б.Бекназаров «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспарын, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-эконо­микалық дамуының негізгі ба­ғыттары белгіленген стратегия­лық бағдарламаларды іске асыруға арналған жүзден астам заңдардың қабылданғанын атап өтті. Төраға орынбасары Парла­мент қабылдаған тарихи құжат – Қа­зақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына арналған Дек­ларацияға Түркістан тұрғындарының назарын аударды. Б.Бекназаров ширек ғасырда елімізде ауқымды эконо­микалық, саяси және әлеу­меттік саладағы өзгерістер болға­нын атап өтті. «Президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен стратегиялық көз­қа­растары еліміздің дамуында қа­зақстандық табысты жолды нақты белгілеп, өсіп-өркендеуге мүмкіндік берді», – деді Төраға орынбасары. Парламент қабылдаған заңдарды түсіндіре келіп, Б.Бек­назаров «Жайылымдар туралы» және «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының кейбір заңнамалық акті­леріне жайылымдарды пайда­лану мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының ере­же­лері туралы айтып берді. Ол заңдардағы орман, су қорын пай­далану, сондай-ақ ерекше қорға­латын табиғи аумақтардағы жерлерден шөп шабу және онда мал жаюға қатысты ережелерді одан әрі жетілдіру көзделіп отырғанын түсіндірді. Жергілікті өзін өзі басқару туралы заңға жайылымдарды басқару мен пайдалану мәселелері бойынша шешімдерді талқылау мен қабылдауға азаматтарды тартуға бағытталған ережелер қосылатын болады. Кездесу барысында ай­мақ жұрт­шылығы осы саланы жетіл­діру туралы өз ұсы­ныс­­тарын айтып, институттық рефор­маларға қолдау білдірді және оларды іс­ке асыруға бел­сен­ді қатысуға әзір­ліктерін жеткізді.