• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Роналду ФИФА нұсқасы бойынша үздік ойыншы атанды

347 рет
көрсетілді

«Реал» футбол клубының және Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ФИФА (Халықаралық футбол федерациясы) нұсқасы бойынша 2016 жылдың үздік ойыншысы атанды. Салтанатты кеш Швейцарияның Цюрих қаласында өтті. Бұл бәсекеде ол «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси мен «Атлетиконың» форварды Антуан Гризманнан басым түсті. Өткен жылы 31 жастағы футболшы корольдік клуб сапында Чемпиондар лигасын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алса, Португалия құрамасымен Еуропа чемпионы атанған. Марапат иесі ұлттық құрамалар капитандарының, бас жаттықтырушыларының және журналистердің дауыс беруі арқылы анықталды. 2010-2015 жылдар аралығында ФИФА мен France Football бірігіп, жылдың үздік ойыншысын таңдаған. Сыйлық «ФИФА-ның Алтын добы» деп аталған. Бірақ 2016 жылдың қыркүйек айында екі тарап әріптестігін тоқтататыны белгілі болды. Сонымен қатар, Криштиану Роналду бірер ай бұрын France Football басылымының үздігі атанып, «Алтын доп» жүлдесіне қол жеткізген.