• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Раньери 2016 жылдың үздік жаттықтырушысы атанды

302 рет
көрсетілді

ФИФА нұсқасы бойынша 2016 жылдың үздік жаттықтырушысы атағына Клаудио Раньери ие болды. Италиялық маман бұл бәсекеде Зинедин Зиданнан және Фернанду Сантуштан басым түсті. Айта кетейік, Раньери «Лестер» футбол клубымен ағылшын премьер-лигасында топ жарса, Зинедин Зидан Мадридтің «Реалымен» Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Ал Фернанду Сантуш Португалия ұлттық құрамасымен Еуропа чемпионы атанды.