• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізеді

340 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 20-24 наурыз аралығында Никосия (Кипр) қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Оқу-жаттығу жиыны аясында Кипр құрамасымен жолдастық матч өткізу жоспарланған. Ойын 22 наурыз күні Никосия қаласындағы GSP стадионында өтеді. Ал 26 наурыз күні Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ереван қаласында Армениямен кездеседі. Айта кетейік, төрт турдан кейін Қазақстан құрамасы 2 ұпаймен соңғы орында келеді. Ал Арменияда – 3 ұпай.