• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Сағынтаев: Уақытша тіркелу нормаларын ауқымды түсіндіру қажет

311 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында министрліктерге азаматтардың келген жерінде уақытша тіркелу нормалары мен ережелері туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. «Қазір қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың уақытша тіркелуіне қатысты тақырып белсенді түрде талқылануда. Халықтың көкейінде жүрген сұрақтары көп, ал ақпарат жеткіліксіз. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек көбейген», – деді Б. Сағынтаев. Премьер-Министр ҚР ІІМ-іне ҚР АКМ-мен бірлесіп жаңашылдықты түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізуді және тіркеу шарасын барынша жедел жүзеге асыруды тапсырды. Б. Сағынтаев азаматтарға өздері үшін қолайлы уақытта тіркелуге мүмкіндік беру керектігін және ХҚКО-да жұмыс істейтін терезелер санын, қызмет көрсететін операторлар санын барынша көбейту керектігін атап өтті.