• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Алматы тұрғыны жолсызбен жүретін көлік құрастырып алды

350 рет
көрсетілді

Алматылық Максим Давыдов командасымен бірге өзінің жертөлесінде жолсызбен жүретін көлік құрастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Құрастырушылар өз туындысын "Ящер" (кесіртке) деп атапты. "Кемеге қандай ат қойсаң, солай жүзеді" деп жатады. Біздің көлік қармен, лаймен және түз далада жүруге арналған. Біздің компания мұнайгаз құбырларын қадағалаумен айналысады, ал мұндайда неше түрлісі болады, мұнай да төгілуі мүмкін. Осындай жағдайларда әдеттегі көліктің өтуі қиын жерлерге де аттану керек болады. Бұл үшін арнайы техника қажет. Біз түрлі техника қарап көрдік, бірақ тым қымбат болды. Ал біздің көлік 5,5 миллион теңгеге түсті", - дейді Давыдов. "Ящерді" құрастырған кезде қосалқы саймандар ретінде ресейлік көлік құрастырушылардың өнімдері пайдаланылған. Құрастырушылардың сөзінше, істен шыққан жағдайда оларды табу оңай болады. Көлік қозғалтқышының көлемі 1,5 литр. Бұл көлікті жасауға тоғыз ай кеткен. "Ең басында бұл жобамен төрт адам айналысқан. Әрине, күмән болды, бірақ істің нәтижесі көріне бастағанда сенімділік пайда болды. Қаңқасын жертөледе жинап, сол жерде бекіттік. Негізгі бөлшектерін далада, шатыр астында жинастырдық", - дейді алматылық.