Биылғы жылы Алматы облысында білім саласының 48 нысанының құрылысы жүргізілмек. Бір жылда бір саланың өзінен осыншама нысанды салу бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл білім мекемелерінің 39-ы биылғы жылы іске қосылса, 9-ының құрылысы келесі жылы да жалғасатын болады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жалпы 2017 жылға Алматы облысында 353 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 70-і - әлеуметтік бағытта, атап айтқанда білім беру және денсаулық сақтау саласының нысандары, 35-і инженерлік инфрақұрылым нысаны, 31-і ветеринарлық-профилактикалық пункт. Сонымен қатар ішкі істер органдарының 64 нысаны және басқалары бар. Жалпы биылғы жылы бұлардың 288-ін іске қосу жоспарланып отыр,
Биылғы жылы спорт саласы да назардан тыс қалмайды. Жақын арада облыстың елді мекендерінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорттық алаңдар және басқа да маңызды нысандар пайдалануға берілмек.