• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Goldman Sachs доллардың өсетінін болжайды

314 рет
көрсетілді

Америкалық Goldman Sachs инвестициялық банкінің сарапшылары АҚШ Федералды қорының базалық үстемені көтеру мүмкіндігімен байланыстырады. 2017 жылы доллардың өзіндік құны еуромен теңесуі мүмкін, деп мәлімдеді аталған банктің бас экономисі Ян Хатциус. Банк сарапшыларының пікірінше, АҚШ Федералды қорының шілде, қыркүйек, желтоқсандағы жиынында доллардың базалық үстемесі көтеріліп, бұл өз кезегінде доллардың өзіндік құнының көтерілуіне алып келмек. Егер доллардың құны еуромен теңесетін болса, онда Еуропалық банктердегі доллардың үлесі де көбейе түсетіні туралы жорамал бар. Ян Хатциус сөзіне сенсек, Еуропа орталық банкі 2019 жылға дейін еуроның базалық үстемесін көтермейді. "Мұнда басты қозғаушы күш пайыздық үстеме арасындағы айырмашылық емес, валютаның өзіндік құны", - дейді экономист. Сонымен қатар, алдағы жазда Британия Еуроодақтан шығатын болса, еуроның құны да аздап құлдырайтыны туралы пікір айтылуда. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың желтоқсанында өткен АҚШ Федералды қорының отырысында доллардың базалық үстемесі 0,25−0,5 пайыздан 0,5−0,75 пайызға көтеріліп, 2017 жылы тағы да үш рет көтерілетіні туралы сөз болған еді. Нәтижесінде, биыл доллардың базалық үстемесі орташа есеппен 1,375 пайызға өсуі ықтимал.