• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

«Atlas Global» ұшақтары Қарағандыдан Ыстанбұлға ұшатын болады

347 рет
көрсетілді

«Atlas Global» әуе компаниясының ұшақтары 2017 жылдың 15 наурызынан бастап Қарағандыдан Ыстанбұлға ұшады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғали. «Atlas Global» әуе компаниясының Қазақстандағы өкілі Хайжан Мұстафинаның ақпаратына сүйенсек, 2017 жылдың 15 наурызынан бастап Қарағандыдан Ыстанбұлға аптасына екі рет тұрақты рейстер ұшырылады», - деп мәлімдеді Марат Иғали әлеуметтік желіде. Атап өтейік, Қарағандыдағы «Сары-Арқа» әуежайынан «Эйр Астана», «Тұлпар Авиа Сервис» (Қазақстан), «Россия», «Трансаэро», «Домодедовские авиалинии» (Ресей), «Turkish Airlines» (Түркия) және басқа да әуе компаниялары арқылы Қазақстан, Ресей, Германия, Түркия елдеріне ішкі рейстер де, сондай-ақ халықаралық әуе рейстері де жүргізіліп келеді.