ФИФА (Халықаралық футбол қауымдастығы) кеңесі әлем чемпионатына қатысатын командалар санын 32-ден 48-ге арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы аталған қауымдастық туиттер парақшасында хабарлады.
Жаңа формат 2026 жылдан бастап жүзеге асырылады. Топтық кезеңде 48 құрама 16 топқа бөлінеді. Үздік шыққан екі ұжым плей-оффқа жолдама алады. Бұл істің мән-жайы кейінірек белгілі болады.
2026 жылғы әлем чемпионатының өтетін орны 10 мамыр күні Малайзияның Куала-Лумпур қаласында ФИФА конгресінде белгілі болады. Бұл турнирді Үндістан, Қытай, Эквадор, Боливия, Перу және Парагвай елдері өткізуге ниет білдіріп отыр.
Айта кетейік, ФИФА соңғы рет қатысушылар санын 1998 жылы 24-тен 34 командаға арттырған.