• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

2016 жылы ауыл шаруашылық өнімдері 7,5% қымбаттады

256 рет
көрсетілді

2016 жылғы ауылшаруашылық құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 6,1%, мал шаруашылығы өнімі - 9,4%-ға қымбаттады, деп мәлім етті ҚР ҰЭМ статистика комитеті. Өткен жылы баға қарақұмыққа 26,5%, бидайға – 8,3%, қара бидайға – 6,2%, арпаға – 4,7%, тарыға – 2,6%, сұлыға – 2,1%, жүгеріге – 0,9%-ға өсті, ал күрішке 13,5%-ға төмендеді. Асханалық сәбіз 2,5%, асханалық қызылша – 2,4%, басты пияз – 0,9%-ға қымбаттады, ал қырыққабат 9,3%, картоп – 2,3%-ға арзандады. Баға мақтаға 27,4%, соя бұршаққа – 19,4%, қант қызылшасына – 18,7%, күнбағыс тұқымына – 12,9%, темекіге 12,6%-ға өсті. Құс еті 12,7%, шошқа еті – 7,6%, ірі қара мал еті – 5,8%, жылқы еті – 1,9%, қой еті – 1,8%-ға қымбаттады. Баға жұмыртқаға – 19%, шикі сүтке – 10,4%, елтіріге – 8,8%, балға 2,7%-ға өсті.