• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

«Астана» ойыншысы өз елінің құрамасына шақырту алмады

232 рет
көрсетілді

«Астан» футбол клубының және Конго Демократиялық Республикасының шабуылшысы Жуниор Кабананга өз құрамасының нақты тізіміне ілікпеді. Бұл туралы sporsts.kz хабарлады. Африкалық ұлттар кубогы турниріне дайындалу үшін Конго ДР құрамасы алғашында Кабананганы шақырған болатын. Алайда, команданың бас жаттықтырушысы Флоран Ибенже соңғы сәтте «Астана» ойыншысынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, Африкалық ұлттар кубогы-2017 биыл 14 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Габон елінде өтеді.