• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2017

Алматы облысында ішкі туризмді дамыту мәселелері талқыланды

319 рет
көрсетілді

Аймақтарға сапар барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев Алакөл көлінің инфрақұрылым және туризм даму әлеуетін қалыптастыру қызметкерлерімен кездесіп, Ақши ауылындағы теміржол стансасымен мен Үшарал қаласындағы аэровокзалының жаңа құрылыс алаңымен танысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Кездесуге аудан әкімімен қатар, аудандық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы Алакөл аудандық филиалының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер палатасының мамандары, бизнес өкілдері, Алакөл қорығымен төтенше жағдай қызметкерлері арасында аудандық курорттық мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі жаңа бағыттарды құру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды. "Ауданның туризм саласын дамыту үшін аудан әкімімен, аудан белсенділері жасаған қуатты туристік индустрияны құру мәселесі болашақта іске асырылмақ. Осы өңірдің отандық туризм индустриясы басқа да аудандарға үлгі болады», - деді өз сөзінде депутат.