Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы бұрынғы ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ұсталды. Бұл туралы бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Қазақпарат хабарлайды. Бишімбаев топтармен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алғаны үшін тұтқындалды. Заңсыз түрде алынған ақшалай қаражатты ол өз қажетіне жұмсаған. Бишімбаев ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.