• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Сауль Альварес Қанат Исламмен кездесуі мүмкін - Fightnews

403 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0, 18 КО) WBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (48-1-1, 34КО) жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы allboxing.ru хабарлады. Fightnews.com ақпараты бойынша, қос тарап ортақ келісімге келсе, кездесу 6 мамыр күні АҚШ-тың Техас штатындағы 80 мың көрерменге арналған «Даллас Ковбойз» стадионында өтпек. Альварес бұған өзінің WBO белбеуін қоюға қарсы емес. Айта кетейік, «Канелоның» өкілдері соңғы бірнеше аптада кіші Хулио Сесар Чавеспен кездесу ұйымдастыру жөнінде келіссөздер жүргізген. Бірақ бұл іс жақын арада аяқталмайтын сыңайлы. Сол себепті «Канело» мамыр айында белбеуін қорғау үшін Исламға қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін. Мексикалық соңғы рет 2016 жылдың 17 қыркүйегінде аталған стадионда британиялық Лиам Смитті нокаутпен ұтқан. Ал Қанат 29 қазанда төрешілердің шешімімен ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. 32 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері қазіргі уақытта АҚШ-та жаттығып жүр.