• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Ақорда, Бәйтерек, ЭКСПО...

585 рет
көрсетілді

Қар қалашығында елордаға тап болғандай әсерге бөленесіз Тауық жылында айыртаулық бүлдіршіндер ерекше қуанышқа бөленді. Орталық алаңда ком­позициялық құрылымы ерекше көз тартатын қар қалашығы пай­­да болып, оның бой көтеруі­не қырыққа жуық мекеме-кәсіп­орын атсалысты. Бүгінгі күні ел символына айналған Астананы жергілік­ті жерде «тұрғызу» жөнін­­дегі аудан­дық әкімдіктің идея­сын жастар, мектеп оқу­шы­лары секілді ерік­тілер де қол­дап, көмектерін берді. Сөй­тіп, жұртшылық демалып, серуендейтін жерде көз жауын алатын 20-дан астам ны­сан орнатылды. Олардың ішінен ұзындығы үш метрге дейін жететін Ақорда ерекше көрінеді. Сол сияқты Бәйтерек, Бейбітшілік сарайы, Алтын адам мүсіндері де айнытпай салы­нып, хас шеберлердің қолы­нан шыққанын айғақтайды. ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі, Қарасай және Ағынтай батыр­лардың мемориалдық кесенесі де бейнеленген. Қар қалашығынан жылдың басты нышаны – Тауықты, Аяз ата мен Ақшақарды, сондай-ақ, ертегілер кейіпкерлерін де кездестіруге болады. Осылайша, билік ор­­нын­­­­­­­да­­ғылар өскелең ұр­пақ бо­йы­на елор­­дамыз жай­лы таным­дық ма­ғ­­лұмат беру­дің және де бой­­ларын­да отаншыл­дық сезі­мін ны­ғай­ту­дың өзгеше тәсілін ойлап тапқан. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы