• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Міндетті медициналық сақтандыру

462 рет
көрсетілді

ісі заман талабына сай жаңаша құрылғанда ғана тиімділік әкелетін болады Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Міндетті меди­ци­налық сақтандыру туралы» Заңға қол қойғаны белгілі. Осылайша елімізде медициналық сақтандыру жүйесі қайта қолға алынды. Бұл ретте біз заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болған, бүгінде медицина саласының білікті мама­ны, Парламент Мәжілісінің депутаты Зәуреш АМАНЖОЛОВАҒА жолығып, қазіргі жүйенің тәуекелдері қаншалықты жан-жақты ескерілгендігін және өзге де сұрақтарымызға жауап беруін өтінген едік. – Зәуреш Жұманәліқызы, міндетті медициналық сақ­тан­­дыру жүйесі енгізілгелі жатыр. Бұған қандай факторлар ық­пал етті? – Жаһандық қауіптер – әлем­де қарт адамдар саны­ның өсуі­мен, ең алдымен, инфек­ция­лық саналмайтын аурулардан туын­дайтын денсаулық сақ­тау са­ла­сындағы шығынның арту­ы­­нан, сон­­дай-ақ, денсаулық сақ­тау жүйе­­сіне ресурс қам­тым­ды­лық­­ты жаңа технологияларды ен­гізу есебінен артып отыр. Са­ра­пшылардың мәліметтеріне қа­­рағанда, өткен онжылдықта жыл сайын әлемдегі денсаулық сақ­­тау саласына жұмсалатын қар­­жы өсімі 350 миллиард АҚШ долла­рын құрады. Қазіргі таңда эко­номикасы дамыған елдерде әрбір адамға медициналық қыз­мет көрсету 3000 АҚШ долла­рын құраса, Экономикалық ын­тымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде 2011 жылы ол орташа есеппен 3300, ал АҚШ-­та 8500 долларға дейін жет­­­ті. Бұл елдерде денсаулық сақ­­­таудағы шығын ІЖӨ-нің 7 пай­ы­зын (Чехия), Германияда 11 пайыздан жоғары, АҚШ-та 17 пайызын құрады. Денсаулық сақтауды қар­жы­­­л­андырудың салмағы әдет­­те (ІЖӨ-нің 2,5 пайызы) мем­лекеттік бюджетке тү­се­ді. Мем­лекет тарапынан тұр­ғын­­дар­дың денсаулығын сақ­тау­ға үлкен маңыз беріліп ке­леді. Ел­басы Н.Ә.Назарбаев әлем­дік дағ­да­рыс­тарға қатысты эко­но­ми­ка­лық қиындықтарға қа­ра­май, мем­лекеттің әлеуметтік сая­са­ты өзгеріссіз қалады – ел тұр­­­ғындарының денсаулығын қор­­­ғау басым бағыт саналады және денсаулық сақтау сек­торын қаржыландыру тө­мендемейтін болады дегенді ұда­йы айтып келеді. Соңғы 10 жылда жүйені мемлекеттік бюд­жеттен қаржыландыру кө­лемі 6,3 есеге өсіп, 2015 жы­лы 867 миллиард теңгені құ­рады. Алайда, мемлекеттік бюд­жеттің мүмкіндігі шектеулі. Мәселен, 2015 жылы әрбір адамға шаққанда денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржы шамамен 49 мың теңгені құрады. Бұл – өте аз. – Қазақстанда міндетті әлеу­­меттік медициналық сақ­тандыруды қолданысқа ен­гізгеннен не ұтамыз? – Міндетті әлеуметтік ме­ди­­циналық сақтандыруды (МӘМС) енгізудің негізгі мақ­сатын бірнеше қырынан қа­растыруға болады. Атап айт­қанда, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру тұрақтылығы; тұрғындарды қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету; денсаулық сақ­тау жүйесінде медициналық ұйымдар бәсекелестігін құруға бағытталған жаңа экономикалық қатынастарды дамыту; нарыққа бағытталған басқару жүйесін енгізу және медициналық кө­мек­­ті ұйымдастыру; тұр­ғын­дар­дың үнемі өсіп отырған сұ­ра­ныстарын қанағаттандыру үшін денсаулық сақтау жүйе­сінің бәсекелестігін және қар­жы­лық-тұрақтылығын құру; жа­ңа медициналық техно­ло­гияларды ендіру және ме­ди­ци­налық мекемелердің негізгі құ­рал­дарын дер кезінде жаңартып оты­ру үшін жағдай жасау; ме­дициналық мекемелердің бюд­жетін толықтыра және ме­ди­ци­налық мекемелердің (мем­ле­­кеттік және жекеменшік) ара­­с­ындағы бәсекелестікті арт­ты­ра отырып, тұрғындарды жо­ғары сапалы медициналық қыз­метпен қамтамасыз ету және сақ­танушылар құқығын қорғау инс­титутын құру. Ең бастысы – тұ­р­­ғындардың денсаулық сақтау жүйе­сіне деген сенімін ояту. Бұл үшін бюджеттік ұйымдар ме­дициналық қызметкерлерін бә­секеге қабілетті болатындай жа­лақымен қамтамасыз етулері қа­жет. МӘМС тұрғындар арасында, әсіресе, ірі кәсіпорындардағы, сон­дай-ақ, мемлекеттік ұйым­дар мен ауылдық елді ме­кен­дер­де­гі әлеуметтік теңсіздікті тө­­­мен­детуге бағытталған. МӘМС жүйесі мемлекеттің, жұ­мыс беруші мен жұмысшының (тұр­ғындар) ынтымақты жау­ап­кершілігі негізінде құ­ры­лады және медициналық ұйым­­дардың экономикалық ер­­­кін­дігі, олардың МӘМС бағ­­дар­ламасына кеңінен қа­ты­суы арқылы бәсекелестік ор­та қа­лып­тастыру көзделеді. Қар­­жы­ландырудың жаңа ар­на­ларының пайда болуы – жұ­мыс берушілер мен жұ­мыс­шылардың медициналық сақ­тандырылуы, яғни мемлекет, кә­сіпорын мен тұрғындар ара­сын­дағы денсаулық сақтаудағы жауапкершілікті тиімді бөлісу үшін алғышарттар жасайды. – Мемлекеттің МӘМС-ке тө­лем жасалуын 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаң­тарына ауыстыруына не се­беп болды? – Негізгі себебі, кепіл­ден­ді­рі­лген тегін медициналық кө­мек көлемі (КТМКК) күн­тіз­­белік жылға бірдей есептелген, сондықтан асығыстыққа бар­­­мау жағы алдын ала ой­лас­­тырылды. Кез келген қар­жы­лық қатынастар жыл­дың басынан енгізілуі тиіс. Сөй­­тіп, мемлекеттің МӘМС Әлеу­­мет­тік медициналық сақ­тан­ды­ру қорына (әрі қарай – қор) төлейтін төлемдері 2017 жыл­дың 1 шілдесінен 2018 жыл­дың 1 қаңтарына ауыстырыл­ды. Азаматтық-құқықтық ке­лі­сімшарт арқылы кіріс кел­ті­­ре­тін жұмыс берушілердің, же­­ке кәсіпкерлердің, жеке но­та­­риустардың, жеке сот орын­дау­шылардың, адво­кат­тар­дың, кә­сіби мед­иа­тор­лардың, жеке тұл­ғалардың аударымдары мен тө­­лемдері де 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылды. Қазақстан Республикасының «Мін­детті әлеуметтік меди­ци­на­­лық сақтандыру туралы» За­ңының 5, 6 және 7-бапта­рын­да қарастырылғандай, МӘМС жүйе­сінде медициналық көмек ала­тын жеке тұлғалардың құ­қығы мен денсаулық сақтау ұйы­мын таңдау және МӘМС жүйе­сінен алатын медициналық кө­мек ауқымын анықтау 2018 жыл­дың 1 қаңтарынан жүзеге асы­рылатын болады. – МӘМС енгізу ерікті ме­ди­циналық сақтандыруды да­мытуға кері әсер етпей ме? – Ерікті медициналық сақ­тан­­­­дыру (ЕМС) қосымша бағ­­­­­дарлама болып табылады. Сон­дықтан оны міндетті әлеу­­­меттік медициналық сақ­­тан­ды­румен қатар қою­ға бол­май­ды. Өйткені, МӘМС – мем­лекеттік әлеу­меттік бағ­­дар­лама, ал ЕМС – кә­сі­по­рын­дардың өз қыз­мет­ке­р­­лерін әлеуметтік қор­ғау жө­ніндегі жергілікті бағ­дар­ла­­ма­сы. ЕМС жұмыс берушілер үшін қо­сымша ауыртпалық еке­нін де ай­та кету керек. Сонымен бірге, МӘМС шең­берінде медициналық қызмет көр­сетудің жаңа моделі келесі кем­шіліктер мен тәуекелдерге алып келуі мүмкін. Жүйені то­­лық қаржыландырмаудың сал­­­дарынан еңбек нарығы сег­мент­терінің «көлеңкеге» кетуі тәуе­келі де анық байқалады. Өйт­кені, ауылдық елді мекен­дерде өзін өзі жұмыспен қам­ты­ған­дар қарасының көп, өз кезегінде ондайларда жұ­мыс­сыз­дық мәртебесі де болмайды, сол секілді әйелдердің көп бө­лігі үй шаруашылығында. Сон­дықтан олар МӘМС бойын­ша медқызмет пакетімен қам­тамасыз етілмейді. Заңда мем­ле­кет жұмыссыздар қа­тар­ын­да тір­келгендерді сақ­тан­ды­ру­ды қам­тамасыз етсе, үй ша­руа­сын­дағы әйелдер өзін өзі жұ­мыс­пен қамтығандар қа­та­рын­­да қалып қояды. Мұның бар­­лығы әйелдердің, әсіресе, жүк­­ті әйелдер денсаулығының нашарлауына алып келмей ме? Егер жұмысшының жалақысы кешіктіріліп берілсе, не болмаса оның жұмысы мезгілдік (уақытша) сипатта болса, онда МӘМС шеңберінде дер кезінде көмек көрсетпеу жайы (әрине, бұл уақытша факторлармен байланысты емес, мұның бір бөлігі МӘМС туралы заңда қарастырылған) нақты шаралар алуды қажет етеді. Қазіргі таңда тиісті минис­тр­лік міндетті әлеуметтік ме­ди­циналық сақтандыру жүйе­сін реттейтін бірқатар заң­на­­ма­лық актілерді әзірлеуде. Бұл жоғарыда айтылған кейбір ол­­қы тұстардың оңтайлы ше­ші­ліп, МӘМС-тің тиянақты атқа­рылуына мол мүмкіндік береді деген сенімдеміз. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»