• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

«Тәуелсіздік полюсі» экспедициясы елге оралды

431 рет
көрсетілді

«Тәуелсіздік полюсі» шаңғы экспедициясының қатысушылары – Мағжан Сағымбаев, Ілияс Ғалымбеков, Юрий Юшин және Дәулет Шәріпов Оңтүстік полюстен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оңтүстік полюсті бағындырушылар шаңғымен 217 шақырымды жүріп өтті. Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков Тәуелсіздік күні мерекесінде көк туымызды Антарктиданың ең биік нүктесі- Винсон шыңына (4892 м) тікті. Тіпті мерекені саяхатшылар мәңгі мұз басқан өлкеде қарсы ала отырып, қазақстандықтарды жер шарының Оңтүстік полюсінен Жаңа 2017 жылмен құттықтады. Жоспарланғандай, олар жердің барлық меридиандары тоғысқан оңтүстік ендіктің 90 градус нүктесіне 10 күнде-ақ жетті. Күнделікті поляршылар 20 шақырымнан жедел ілгерілеп, команданың мүшелері барлығын санағанда Антарктика даласының 217 шақырымын жүріп өтті. Қазақ туы Солтүстік полюстің аспанында желбіреді. Ал, Қазақстанның алғашқы шаңғы экспедициясы Солтүстік полюсті бағындырып, Жердің ең солтүстік нүктесіне Қазақстанның Мемлекеттік Туын және Қазақстан халқы Ассамблеясының жалауын қадады. Айта кетейiк, шаңғы экспедициясы Барнео - Солтүстiк Полюс аралығын қамтыды. Топ 31 наурызда Алматыдан Мәскеуге, Мәскеуден - Норвегияның Осло қаласына, одан әрi Лонгийрге аттанған болатын. Ал 4 сәуiрде Лонгийрден Барнео мұзды аэродромына ұшып барып, сол жерден Солтүстiк полюске дейiнгi шаңғы экспедициясын бастады.