• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Дакар-2017 марафонының 9-кезеңі уақытша тоқтатылды

257 рет
көрсетілді

«Алапат көшкінге байланысты Дакар-2017 ралли-рейдінің кезекті кезеңі тоқтатылды, деп хабарлады марафонды ұйымдастырушылар. Толассыз жауған нөсер салдарынан пайда болған алапат көшкіндерге байланысты жарыс ұйымдастырушылары Аргентинаның Сальта және Чилесито қалаларында өтеді деп жоспарланған, 406 шақырымға созылатын арнайы аумағы бар тоғызыншы кезеңді тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған дейін ралли-рейдтің Боливиядағы алтыншы кезеңі де ауа райының қолайсыздығынан тоқтатылған болатын. Айта кетейік, Парагвай, Боливия және Агрентинада өтіп жатқан «Дакар»-2017  қаңтардың 14-інде Буэнос-Айресте аяқталады.