• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

"Медеу" мұз айдынына "Оңай" картасымен төлем жасауға болады

390 рет
көрсетілді

Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуге арналған "Оңай" картасы арқылы "Медеу" мұз айдынына кіруге болады. Аталған қызмет 2016 жылдың желтоқсан айында іске қосылды. "Медеуге" кіре берістегі турникетте "Оңай" картасымен төлем жасау арқылы келуші кассаға билет алу үшін кезекке тұрмайды. Ал төлем бар болғаны бірнеше секунд алады. Әзірге бұл карталар қоғамдық көліктен басқа жерде қолданылатын алғашқы жағдай. Бірақ болашақта жүйені кеңейтіп, компания күнделікті төлемдерді де халық үшін ыңғайлы етпек. Естеріңізге сала кетсек, "Оңай" жүйесі 2015 жылдың соңында пайда болды. Ал қала толығымен осы жүйеге 2016 жылдың қаңтарында өтті.