Америкалық билік БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунның ағасы мен ағасының ұлына мемлекеттік шенеунікке пара берді деген айып тағып отыр.
Бұрынғы бас хатшының туыстары, BBC басылымының жазуынша, таяу Шығыс елдерінің бірінің лауазымды тұлғасына пара беріп, есесіне мемлекеттік ақшаға белгілі бір ғимарат кешенін сатып алмақшы болған.
Агенттіктің хабарлауынша, Пан Ги Мун ағасының ұлы тұтқындалып, кейін 250 мың доллар кепілдікпен босатылған. Ал оның әкесі тұтқындалған жоқ.
Пан Ги Мун 2007-2016 жылдары БҰҰ бас хатшысы болды, биыл қаңтардан бастап оның орнына Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Гутерриш келген.