• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Головкин: Ең үздік шоуды көрсетуге уәде беремін

423 рет
көрсетілді

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өтетін кездесуі туралы өз пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Шыны керек, қобалжып жүрмін. Джейкобс – бұған дейінгі қарсыластарымның ішіндегі ең мықтысы. Сондай-ақ, оның командасында мен жұдырықтасқан үш боксшы бар. Ал Madison Square Garden менің екінші үйім секілді, жанкүйерлердің қолдауы ерекше күш береді», – деді Головкин. «Төрт белбеуім бар, ол кімнің болса да арманы. 18 наурыз күні орта салмақта кімнің мықты екенін анықтауымыз керек, ол өте маңызды. Бұл күні тарихтағы үздік шоуды көрсетуге уәде беремін», - деп мәлімдеді Головкин. Айта кетейік, кездесудің билеттері 24 желтоқсаннан бастап сатылымға шыққан. Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында бір орынның ең арзан құны 100 долларды құраса, ең қымбаты – 1000 доллар.