• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Volkswagen АҚШ-қа не себепті 4,3 млрд доллар төлейді?

267 рет
көрсетілді

Volkswagen компаниясы «эмиссиялық дау-дамайды» реттеу үшін АҚШ үкіметіне 4,3 млрд доллар төлейтін болды, деп хабарлайды ВВС. Агенттіктің айтуынша, неміс компаниясы  бірқатар Америка заңдарын бұзғанына кінәлі екендігін мойындады. Volkswagen өкілдері Американың Әділет министрлігі және кеден қызметімен бейбіт келісімге келу жөніндегі келіссөздер жүргізуде. Компания өкілдерінің айтуынша, онда жалпы сомасы 4,3 млрд доллар қылмыстық және әкімшілік айыппұлдар қарастырылған және компанияны келесі үш жылда тәуелсіз орган бақылайды. Еске сала кетсек, бұл дау 2015 жылдың қыркүйек айында шыққан болатын. Америка үкіметі сол кезде Volkswagen компаниясы өзі шығарған дизельдік автомобильдердің шығарынды газ туралы жалған дерек берді деп айыптады.