Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Әңгімелесуші тараптар екіжақты және аймақтық тұрғыдағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, Орталық Азия мен Ауғанстанның қауіпсіздігі саласындағы жағдайды талқылады.
Аймақтық ынтымақтастық, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында Астана мен Душанбе арасындағы тығыз әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілік атап өтілді.