• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2011

Балалар көктемді суретпен бейнелейді

363 рет
көрсетілді

Ежелден келе жатқан Нау­рыз мерекесі туралы суреттер байқауы Қазақстанның «SOS Балалар ауылы» тәр­биелену­ші­лерінің ара­сында өт­кізілді. Бұл конкурсты ENRC көмек корпоративтік қайы­рым­ды­лық қорының қол­дауымен ENRC Қазақстан компаниясы ұйым­дас­тырды. Шығар­ма­шылық жа­рыста же­ңімпаздар да, же­ңілу­шілер де болған жоқ: бар­лық жұ­мыс­тардың ав­торлары кор­пора­ция­лардың ба­ғалы сый­лық­тарына ие болды. 2008 жылы ENRC мұндай қайырымдылық акциясын Астана, Алматы және Теміртау қала­ларындағы балалар ауылдары арасында өткізген болатын. Бұл жолғы байқауға 70-тен астам сурет келіп түсті. Олар қа­рын­дашпен, фломастермен, акварельмен және түрлі бояу­лармен салыныпты. Олар­дың ара­сы­нан таңдап алынған табиғат көріністері ENRC Қа­зақ­стан­ның корпоративтік открыт­ка­ла­рынан орын алды. Компания өкілдерінің қо­лынан жаңа ұялы байланыс телефондарына, плейерлермен басқа да техникаларға ие бол­ған балалар үлкен қуанышқа кенелгендерін жасырмады. Еуразия табиғи ресурстар корпо­рациясы мұндай конкурстарды келесі жолы тағы да өткізетін болады. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.