• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2017

Samsung басшылығы жемқорлықпен айыпталуда

225 рет
көрсетілді

Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Ён Оңтүстік Кореяда үлкен жемқорлық дауына ұшыраған президент Пак Кын Хенің қылмысына қатысы бар болып шықты, деп жазады Bloomberg агенттігі. Бұл туралы осы мәселе үшін арнайы құрылған тексеруші комиссияның ресми өкілі мәлімдеген. Компания вице-президенті бейсенбі күні Сеулде тергеледі, деп жазады басылым. Ал өткен дүйсенбіде компанияның екі топ-менеджерінен куәгер ретінде түсініктеме алынған. Компанияның баспасөз қызметі әзірге мәселеге қатысты мәлімдеме жасамай отыр. Әзірге Ли Чжэ Ённан қаладан шықпау туралы қолхат алынған. Ертеректе Samsung компаниясының басшылығы Пак Кын Хенің құрбысына пара беріп, есесіне мемлекеттен қолдау алуға келіскені хабарланған еді. Параны компания өкілдері Цой қорына қайырымдылық ретінде коммерциялық емес төлем түрінде аударғаны белгілі болды.