• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

Minisо Japan – Алматыда

365 рет
көрсетілді

Жапон бренді саналатын Miniso жыл­дың алғашқы айында Алматыда франшиза (фр. franchise – жеңілдік)  бойынша екі дү­кен ашты. Алдымен Miniso атауы туралы бірер сөз. Miniso – жапон дүкендерінің желісі, әлем­­дік ритейлер, яғни кең спектрлі бөл­шек сауда жасауға бейімделген нысан. Күншығыс еліндегі мұндай сауда орта­лық­тарында азық-түліктен бастап косме­тика, тұрмыстық химия, ыдыс-аяқ, тұр­мыс­тық техника мен электроникаға дейін тал­ғ­амай сатыла береді. Алматыда алғаш ашылған бұл екі дүкенде белгілі се­беп­терге байланысты тек азық-түлік қа­на са­тылмайды. Қалғанының барлығы сөре­лер­ге қойылды. Жапониялық дүкендер желісінің тағы бір басты ерекшелігі – сатылатын бұйымдардың әрбірінің бағасы 900 теңгеден аспайды. Бәрі де халық үшін, халықтың игілігі үшін. Елдің құлағын елең еткізген судай жаңа Miniso Kazakhstan сауда-жайлары Алматыдағы атақты «Апорт» және Maxima сауда-ойын сауық орта­лық­та­рынан ойып тұрып орын алды. Қаңтар айының соңына дейін еліміздің бас қаласы – Астана­ның тұрғындарына қызметін көрсетіп үл­ге­ретін жапониялық Miniso іле-шала рес­публиканың 10 қаласында осындай сауда нүктелерін ашып, ел бойынша кеңінен қанат жаймақ ойы бар. Алматыға қайта оралсақ, бұл күндері қала тұрғындарының тілі шетелдік атау­ларға кібіртіктегенімен, әлемдік танымал компаниялардың мінсіз әрі жаңа заманға сай жайлы қызметіне бой үйретіп алғанын да баса айтқымыз келеді. Олай дейтініміз, дәл қазіргі таңда еліміздің бұрынғы астанасында шетелдік 14 мыңнан астам компания жұмыс істейді дегенге біреу сенер, біреу сенбес. Ақиқаты солай. Ол танымал фирмалар әлемнің 100 мемлекетінен келген. Атауларына көз бен құлақ үйренгеннен басқаларын айтпағанда, Alstom, Siemens, LG Electronics, Coca-Cola Bottlers-тің ізін ала Алматыға келген франшиздік Starbucks, McDonald’s, Ritz-Carlton компаниял­ары қала тұрмысына сіңіп алды. Тұрғындар да жа­тыр­қап жатқан жоқ. Әйгілі Kempinski-мен қатар, әлем таныған Hilton және Қарotel мей­манханалары тіпті таяуда әсем Алатау бөктерінде қонақ қабылдауға әзірленіп жатыр... Алдағы жылдың көкжиегінен неміс ритейлері, яғни бөлшек сауда шебері OBI Алматыда аса ауқымды алғашқы гипермаркетін ашуды көздеп отыр. Ал француздық тұрмыстық қызмет ритейлері Leroy Merlin компаниясы таяуда ғана осы аумақтан болашақ мекен-жайын анықтап, жайласар орнын шегелеп кетті. Бізбен әңгімесінде Алматының кәсіпкерлік пен индустриялық-инновациялық даму бас­қар­ма­сы алып шаһардың қазіргі кезде дүние жү­зінің сауда рыногындағы азуын айға білеген ТНК және CITIC, Evonic, Staay Food Group, Medical Union Pharmaceuticals, Veolia сияқты алпауыт компанияларымен келіссөздің жүргізіліп жатқанын алға тартты. Ел тәуелсіздігінің бесігі саналатын Алматы қаласы тұрғындарының бүгінгі қуа­нышы –  Miniso Kazakhstan бөлшек сау­да дүкендеріндегі халыққа көрсетілген қайнаған қызмет дер едік. Miniso-ның да алып қаланың шырайын ашарына жұрт сеніп жүр. Өйткені, ол – Қазақстанға Күншығыс елінен жеткен сый! Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ