2017 жылдың 12-14 қаңтар аралығында Абу-Даби қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-эмираттық бірлескен комиссияның VI отырысы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Оған вице-министр М.Р. Нұрғожин бастаған Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы қатысатын болады.
2016 жылдың мамыр айында қол қойылған ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті мен БАӘ Ғарыш агенттігінің арасында өзара түсіністік туралы Меморандумды жүзеге асыру аясында комиссия отырысында екі мемлекеттің ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу мен пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерінің талқылануы жоспарланып отыр.