• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2017

Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

221 рет
көрсетілді

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Қазақстандық боксшы жақында ғана құрылған MJA Entertainment's промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Келісімнің анық-қанығы кейінірек белгілі болады. Бұған дейін Елеусіновтің, сондай-ақ Олимпиада жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Екі спортшы да қазіргі уақытта өтіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиынына қатыспады.
Соңғы жаңалықтар