Жаһандық макроэкономикалық көрсеткіштер ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін азайту туралы келісімінің пайдалылығын көрсетіп жатыр, деп мәлімдеді ОПЕК бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо.
Мұнай өндіруші елдер мамырда кезекті рет кездеседі.
ОПЕК бас хатшысының пікірінше жылдың екінші жартысында мұнай бағасы қайта арзандауы мүмкін. Оған жол бермеу үшін ОПЕК+ елдері желтоқсандағы келісімді қайта ұзарту керек.
Осы мәлімет аясында мұнай бағасы өсе бастады. Астана уақытымен 16:30-да Брент маркалы қара алтын құны 0,9 пайыз өсіп, барреліне 55,60 долларға жетті.