• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2017

Қыс қызығы – сырғанақ

2059 рет
көрсетілді

Биылғы қыстың қалың қары ауылдарды ақ көрпеге орады. Қалаларда болса ма­ши­­налар аулалардан, кө­ше­­лер маңындағы жолдардан қарды тонналап тасып әлек. Қыс қызығы деген осы. Бос уақыт болса қала сыртына шығып, шаңғы, коньки теу­­іп, шанамен сырғанап, от­­басыңмен демалып, сер­гі­ген­ге­ не жетсін. Ал Михайловка ауыл­ы­ның тұрғыны Александр Дру­зик балалардың са­бақ­­тан бос уақытында қыс қы­зығын кө­ңілді өт­кі­зу­ле­рі­не жаңа­жыл­дық сыйлық жасап­ты. Сөйтіп, Алек­сандр өзі тұ­­ра­тын үйі­нің жанынан би­ік сырғанақ жа­­сапты, тіп­­ті, балалармен бір­ге үлкендер де шана­мен сыр­­ғанайды екен. Сыр­­ға­нақ­тың биіктігі 3,5 ме­тр, жа­нында жарық жа­нып тұ­рады. Сырғанақтың қа­сы­нан балаларға түсіп-шы­­­­ғу­лары жеңіл, жылдам бо­­лу үшін арнайы саты да жа­­саған. – Әртүрлі әуендер, му­зы­­ка ойнап тұрады. Көңілді. Біз­­ге жыл сайын Александр Дру­­зик осындай көңілді сыр­ғанақ жасап береді. Гаджеттер, компьютерлерден бір сәт демалып, таза ауада жүреміз. Шағын футбол ала­ңымыз да бар, асхана ашыл­ды. Шахмат ойнауға да уақыт табамыз, – дейді балалар. Олардың айтуынша, ау­ы­л­­­­­дың тағы бір тұрғыны Виктор Заламаев көршілес ауыл мектептерінің оқу­шы­­­­лары арасында шахматтан турнир өткізіп тұрады екен. Әр ауылдан осындай де­меушілер табыла берсе дейсің. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы, Железин ауданы