• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2011

Құланда құрықталған қылмыс

439 рет
көрсетілді

17 наурызда түнгі сағат 21:35-тер шамасында Қыр­ғыз Республикасынан Қа­зақ­стан Республикасының аума­ғы­на бағыт алған «Бі­шкек-Меркі» пойызының №6 ва­го­нынан есірткінің ауыр түрі­не жататын «героин» табыл­ды. Нақтырақ айтар болсақ, 16 наурыз күні «Меркі» стан­са­сын­да кедендік тексеру жаса­ған «Құлан» кеден бекеті бас­ты­ғының орынбасары Арман Мұ­ха­медиев бастаған тексеру тобы қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып, вагон жолсері­гі­нің купесінен көк полиэтилен па­кетке салынған, 6 бума сұр түс­ті түйіршіктелген, сірке суы­ның исі бар қапшықтарды анық­тап, тәркілеген. 60 жастағы қырғыз әйелі аталмыш есірткі затын өз купесіндегі құпия «қуысқа» ты­ғып, кедендік тексеруден жал­тар­мақшы болған. Алайда оның жы­мысқы әрекетінің іске асуы­на кеденшілердің төрт аяқты се­німді досы «Хантер» қыз­мет­тік-іздестіру иті жол бермеген. №82 Сот-химиялық са­рап­тамасының қорытындысына сәй­­кес, «Бішкек-Меркі» бағы­тын­­дағы №6063 жолаушылар пойызының жолсерігі, қырғыз азаматшасының жеке купесінен табылған «героиннің» сал­мағы 5 кило 920 грамға жеткен. Ұсталған жолсерік есірткі салынған пакетті сол пойызда бірге келе жатқан әйел азамат­ша­ның уақытша сақтауға бергенін мәлімдеген. Қазіргі уақытта екі әйел қамауға алы­нып, ҚР ҚК 250, 259-бап­тары­мен қыл­мыс­тық іс қозғалды. «Құлан» кеден бекетінің бас­тығы Тимур Ораловтың айтуын­ша бұл биылғы жылы анықтал­ған ең үлкен көлемдегі есірткі заты болып отыр. Жалпы Қыр­ғыз­станнан Қазақстан аумағы арқылы Ресейге бағыт алған жо­лаушылар пойыздарынан көбі­не­се кедендік ресімдеусіз халық тұтынатын тауарлар мен басқа да тыйым салынған заттар алып өту фактісі жиі болатын көріне­ді. Бірақ қырағы кеденшілер мұн­дай құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап отырады. Құдайберген РЫСДӘУЛЕТ, Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау депар­та­менті­нің баспасөз хатшысы.