• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2011

Бұл коммунист бұрынғыдан өзгерек

335 рет
көрсетілді

Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясынан тіркелген кандидат Жамбыл Ахметбеков өзінің сайлауалды бағдарламасымен жұртшылықты жете таныстыру мақсатымен Жамбыл облысына келді. Халықта «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» деген сөз бар, сол айтқандай, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясынан тіркелген кандидат Жамбыл Ахметбеков өзінің сенім білдірілген адамы В.Сорокин және партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ә.Мамашевті ертіп, артынып-тартынып келіп отырған соң облыс әкімі Қ.Бозымбаев кісілік пен кішілік танытып, үлкен ықыласпен қабылдады. Қабылдау барысында олар елдегі және жергілікті жердегі атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жағ­дай­лар турасында өңір басшысымен жарасымды әңгіме қозғап, кейбір өзекті мәселелерді де сөз етті. Бұдан кейін үміткер Тараз қаласындағы Қ.Сары­мол­даев атындағы №1 балалар үйіне барып, жетім және ата-ана қам­қор­лығынсыз қалған бүлдіршіндер мен жасөспірімдер­дің әлеуметтік құ­қы­ғын қорғаудағы атқарылып жатқан жұмыстармен та­нысты. Бүгінде мұнда жетім және ата-анасының қамқор­лы­ғын­сыз қалған 170-ке жуық бала тәр­биеленуде. Ал балалар үйіндегі жұмыс жақсы жолға қойылған. Мысалы, 2001-2009 жылдар аралығында 28 тәрбие­ле­ну­шінің жеке шотындағы жиналған ақшасына пәтерлер сатылып алынып­ты. Мүліктерді жариялау арқылы 5 тұр­ғын үй заңдастырылған. 5 балаға ата-анасынан, әжесінен мұрагерлік ашы­лыпты. Айта берсек, еліміздің бас­қа өңіріне үлгі боларлық мұндай игі істер өте көп. Міне, осының бәрімен президенттікке кандидат Ж. Ахметбеков жете танысып, өзінің де көп балалы от­басында дүниеге келіп, қайсарлықтың арқасында қажымай өсіп-жетілгенін тілге тиек етті. Сондықтан алдағы бо­латын президенттік сайлауда жеңіске жете қалған жағдайда ең алдымен балалар үйлеріне, ондағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және олардың ата-анасы іспетті болып кеткен тәрбие­ші­леріне жағдай жасайтынын қадай жеткізді. Қоғамдағы саяси ахуал туралы да өз көзқарасын білдіріп, азық-түлік бағасының көтерілуіне, айлық жал­ақы­ға және діни ағымдар жөніндегі сауалдарға жауап берді. Ел президенттігінен үміткер бұдан кейін облыс орталығындағы Жамбыл поли­тех­­никалық колледжінде, Тараз қала­сын­да­ғы  қа­лалық мәдениет үйінде кездесулер өткізді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.