• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2011

Сайлау заңдылығы қадағаланады

503 рет
көрсетілді

Бас Прокурор Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі болып, онда Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын өткізу барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы әрекет ету, қылмыстық қудалау органдарына қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды электронды түрде тіркеуді енгізу мәселелері қаралды. Еліміздегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға қарсаңында Бас Прокурор сайлау туралы заңнама талаптарының бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етуді және азаматтардың сайлау құқықтарының бұзылу фактілері туралы шағымдарға жедел мән беруді талап етті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Үйлестіру кеңесі есірткі сату және оның контрабандасымен күресте құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейтуге, ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне, оның ішінде трансұлттық ұйымдас­қан топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Мәжіліске қатысушылар жекелеген құқық қорғау орган­да­ры­на енгізілген қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды элек­тронды тіркеу жүйесінің жоғары нәтижелілігін және келешегі бар екендігін атап көрсетті. Осыған байланысты, барлық мүдделі органдарға аталған озық жаңалықтарды енгізу бойынша шара қабылдау ұсынылды. Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын өткізудің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратура сайлау үдерісінің мониторингі бойынша арнаулы жедел жұмыс тобын құрды. Мұндай топтар жергілікті жерлерде де құрылды. Осыған байланысты, сайлау науқанының заңдылығына жауапты прокуратура органдары қызметкерлерінің байланыс деректері халықтың назарына ұсынылады. Азаматтар мен заңды тұлғалар сайлау заңнамалары бұзылуының кез келген фактілері туралы төменде келтірілген телефондар бойынша аталған қызметкерлерге хабарлай алады.   № Атауы Байланыстағы адам Телефон 1 Бас прокуратура Туғанбекова Лаура Әділханқызы Ермегияев Бауыржан Мұратбекұлы 71-26-45 71-26-82 2 Алматы қ. код 7272 Катаев Дамир Меделбайұлы Молдажан Бауыржан Қалышұлы Колпаков Андрей Леонидович 62-02-86 65-02-87 3 Астана қ. код 7172 Әлішев Ахан Саттарұлы Огай Юрий Григорьевич 71-24-42 71-24-55 4 Алматы облысы, код 7282 Талдықорған қ. Әлібаев Ерғали Қайырғалиұлы 27-33-15 5 Ақтөбе облысы, код 7132 Ақтөбе қ. Отарова Қарлығаш Ертайқызы 21-57-34 6 Ақмола облысы, код 7162 Көкшетау қ. Кленов Ибрагим Әлімжанұлы 25-02-88 7 Атырау облысы, код 7122 Атырау қ. Сарғазин Азамат Серікұлы 27-08-44 8 Шығыс Қазақстан облысы, код 7232 Өскемен қ. Мұстафаев Бақытжан Асхатұлы 24-54-82 9 Жамбыл облысы, код 7262 Тараз қ. Өтемісов Марат Әбдіраманұлы 45-33-71 10 Батыс Қазақстан об­лы­сы, код 7112 Орал қ. Ситқалиев Нұрлан 50-79-62 11 Қарағанды облысы, код 7212 Қарағанды қ. Қалиақпаров Марғұлан Климұлы 74-29-56 12 Қостанай облысы, код 7142 Қостанай қ. Шалабаев Мейірхан Жақыпұлы 54-56-83 13 Қызылорда облысы, код 7242 г. Қызылорда қ. Жанахметов Азамат Орынбасарұлы 27-03-35 14 Маңғыстау облысы, код 7292 Ақтау қ. Сандыбаев Ілияс Исатайұлы 53-29-93 15 Павлодар облысы, код 7182 Павлодар қ. Шайхина Гүлназ Нұртілеуқызы 51-06-57 16 Солтүстік Қазақстан облысы, код 7152 Петропавловск қ. Смағұлов Жасұлан Өндірісұлы 46-13-64 17 Оңтүстік Қазақстан облысы, код 7252 Шымкент қ. Орманов Ұлан Нұрғалиұлы 53-03-49 18 Бас әскери прокуратура, Астана қ. Қожа-Ахмет Еркін Қонайұлы 71-28-56 19 Бас көлік прокура­тура­сы, Астана қ. Тоқтамысов Әділет Жалғасұлы 71-23-49