• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Елдің іші – береке

388 рет
көрсетілді

Биылғы Жолдаудың тақыры­бы-ақ баршаға тың міндеттер жүк­тегендей. Тіпті, халықтың қоғамдағы белсенділігіне жол ашып, қажыр-қайратын еселеді. «Бола­шақ­тың іргесін бірге қалаймыз» деп халыққа сенім артқан құнды құжаттан қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың негізі ел ішіндегі берекелі тірлікке көз жеткіземіз. Демек, тәуел­сіздігіміздің өткен жылдардағы жетістіктері мен өркенді істерде көпұлтты қазақ­стандықтардың өзіндік қолтаң­басы бар екені анық. Елімізді дамытудағы маңызды міндеттер қатарында бәсекеге қа­бі­летті экономиканы дамыту мен жұмыссыз­дықты болдырмау міндеттері тұр. «Бизнестің жол кар­тасы – 2020» бағ­дарламасы негізінде мемлекеттік қол­дауға ие болған тиімді жобалар қолға алы­нып, өз кәсібін ашқандар бола­шаққа нақты қадам жасап отыр. Мұндай ортасынан озғандар Жетісу жерінде де бар. Тек, Қара­сай ауданында 1943 заңды және 6714 жеке кәсіпкерлік саласында 55 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өткен жылы аталған салада 23,2 млрд. теңгенің өнімі өн­діріліп, әлеумет­тік салада тұты­ну­шы­ларға мінсіз қыз­мет көрсе­тіл­ген. Нәтижесінде, бюджет қор­жынына 2,1 млрд. теңге салық тү­сіп­ті. Жыл өткен сайын  халық­қа қызмет көрсетудің сапасы жақсарғаны, өнім өндіру көлемі артқаны осыған дәлел. «Бизнестің жол картасы-2020» бағ­дарламасымен Жаңа Шамалған елді мекенінде «АзияАгроФуд» ЖШС 500 адам­ды жұмыспен қамтып, ұн өнім­дерін өнді­ру­мен қатар басқа да тұ­ты­ну­шыларға қажетті азық-түлік шығаруда. Ал, «Юнилюкс» серіктестігі құры­лыс­тағы жылу жүйесіне қажетті  қазандық шығарса, «RG-Brands» кәсіпорны мемлекеттен 2 миллиардтан астам теңге субсидия алып, алкогольсіз сусындар өн­діру бағытындағы жұмысты жүйе­­леген. Қазіргі кезде кәсіп­орында жүздеген адам жұмыспен қам­тылып, ауыл тұр­ғын­дарының әлеуметтік жағдайы уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Жолдауға байланысты қара­сайлық­тардың болашақ игілігіне айналатын тың жоба «Тулаев» жеке кәсіпорны қонақүй кешенін салуды қолға алды. Жаңа бизнес бастама қолдауға ие болып, «БТА банк» АҚ-тан 338 млн. теңгеге қаржыландыру үшін «Даму» қоры облыс бойынша алғаш рет несиенің тең жартысына кепілдік берді. Бірінші бағыт бойынша «Даму» қоры­ның кепілдігі және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кешен құ­ры­лысына 169 млн. теңге субсидия бө­лінетін болды. Негізінен өндірісті кеңейту мен қайта жа­рақтандыруға, жаңаларын дамы­туға бағытталған тың жобаларды қаржы­ландыру тәртібімен 14 пайызбен несие алғандар сыйақы мөлшерлемесінің жартысын тө­лейді. Ал, кәсіпкер қалған 7 пайызды өзі өтейтінін жеңілдік ретінде қабылдаған ұжым білек сыбана жұмысын бастап отыр. Қонақүй кешені тұтынушы­лардың бүгінгі жоғары талға­мына сай қажет­тіліктермен жабдықталмақшы. Отыз үш нөмірге арналған қонақүй­дегі әр бөлме адам қауіпсіздігін қам­тамыз ету деңгейінің жоғары­лығы және қосалқы тұрмыстық қызметтердің көптеген түрлерін ұсынбақшы. Мәселен, нөмір­лер интернетке қосылса, қоғамдық тамақтандыру, конференциялар ұйым­дас­тыруға арналған орын­дар, саламат­ты өмір салтын қа­лыптастыратын спорттық жүйе­лермен толықтыры­латын бо­лады. Индустрияландыру бағыты­мен ауданда қолға алынған 2,8 млрд. теңгені құрайтын жобалар толық жүзеге асқанда «Трапеза Трейд», «Жетісу», «AS Group LTD» 300-ге жуық жұ­мыс орны ашылады. Ел ертеңі­нің кепілі аймақтағы кәсіпкер­ліктің дамуы мен ондағы өнім мен қызметтің бәсекеге қабілет­тілігіне тікелей қатыстылығын ескерген іскер азаматтар нақты қадамдарға барған. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы, Қарасай ауданы.