• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Теңдей жағдайда әрі бірдей көлемде

521 рет
көрсетілді

19 наурыз, сенбі күні Орталық сайлау комиссиясында  2011 жылғы  3 сәуірге тағайындалған  Қазақстан Республика­сы­ның  кезектен тыс президенттік сайлауындағы ақпараттық дау­ларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті оты­рысы болып өтті. Оған ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ТМД миссия­ларының байқаушылары, сондай-ақ «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының  кезектен тыс президенттік сайлауын байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясы» РҚБ-нің байқау­шылары қатысты. Отырыста кеңес мүшелері Орталық сайлау комиссиясының Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп жүргізіп отыр­ған БАҚ-тар монито­рингі­нің аралық қорытындыларын тал­қылады. Мониторинг 53 баспа басылымдарын, 11 рес­пуб­ли­калық телеарнаны, 6 ақпараттық агенттікті және 11 мейлінше танымал қоғамдық-саяси интер­нет-ресурстарды қамтиды. Мониторинг мәліметтеріне қара­ған­да, 3-16 наурыз аралығында    баспа басылымдарында  президенттікке кандидаттар Ж.Ахметбеков туралы – 110, М.Елеусізов туралы – 101, Ғ.Қасымов туралы – 96, Н.Назарбаев туралы 129 материал жарияланған. Ал атал­ған күндер ішінде респуб­ли­ка­лық телеарналар эфиріне президенттікке кандидаттар Ж.Ахметбеков бойынша – 148, М.Елеу­сізов бойынша – 163, Ғ.Қасымов бойынша – 161, Н.Назарбаев бой­ынша  108 материал шыққан. Материалдардың жалпы саны­ның 51 пайызы «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының еншісіне тиеді. Кандидаттардың телеарналар эфирінің жаңалықтар блогы ая­сында кандидаттардың қызметін жария етуге арналған сюжеттер уақытының ұзақтығына келсек, ол Ж.Ахметбеков жөнінде 24 пайызды, М.Елеусізов туралы 27 пайызды, Ғ.Қасымов туралы  28 пайызды, Н.Назарбаев туралы 21 пайызды құраған. Мониторинг жүргізу барысында канди­дат­тардың кәсіби қызметіне бай­ла­нысты материалдар да есепке алынады. Елбасы өзінің өкі­лет­тіктерін сайлау науқаны бары­сында да атқаруы тиіс екенін  ескерсек,   мұндай материалдың көбі Іс басындағы Президенттің қызметіне арналғаны   түсінікті. Осыдан біраз уақыт бұрын ОСК-ге кандидаттар М.Елеусізов пен  Ғ.Қасымов сайлауалды үгіт шараларына арналған билборд­тар­ды орналастыруға байланыс­ты өтініш білдірген болатын. Орталық сайлау комиссиясы үміткерлерге бұл мәселеге қол­дау көрсету туралы шаралар қа­былдады. Қазіргі уақытта осы екі кандидаттың сайлау қорлары қаражаты есебінен олардың 100-ден астам билбордтары дайын­далып, олар Алматы және Астана қалалары мен еліміздің өзге де өңірлерінде орналастырылды. Отырыста Қоғамдық кеңес Ортсайлаукомға БАҚ-тардың үгіт науқанын жариялау жөнін­дегі жұмысында орын алған кемшіліктерге қатысты ұсыныстар да білдірді. Мысалы, «Украінські новини» газетінде Қазақстан Рес­публикасының президенттігіне кандидаттардың сайлауал­ды тұғырнамаларының «Сай­лау­шыларды ақпараттандыру мақ­сатында» деген редакторлық  алғысөзбен мақала жария­ла­нуы­на байланысты Орталық сайлау комиссиясына  осы мәселені шешу  үшін прокуратура орган­дарына жүгінуді ұсынды. Сонымен қатар, «Известия-Казахстан» газетінде «За вы­борность акимов и судей» деген тақырыпта мақала жарияланған еді. Мақала президенттікке кандидат М.Елеусізовке арналған. Мақаланың бірінші азат­ жо­лында президенттікке кандидат  Ж.Ахметбековтің аты-жөні ата­лады. Осыған байланысты кандидаттар М.Елеусізов те, Ж.Ахметбеков те мақаланы теріске шығару жөнінде өтініш білдірмеген. Қоғамдық кеңес «Известия-Казахстан» газетіне аталған материалды  теріске шығару ту­ра­лы мақала жариялауды ұсын­ды. «Астана» телеарнасы 13 наурызда  президенттікке кандидат  Ж.Ахметбековтің үгіттік роликтерін эфирге шығарған екен. Ал қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілмеген бұл ролик 7 рет көрсетілген. Осыған орай Қоғамдық кеңес қаржыландыру көздері туралы мәселелерді болдырмау мақсатында барлық телеарналарға үгіт материал­дарының шығарылуын қаржы­лан­­дыру көздері туралы мәлі­меттерді жариялау қажеттігін ескертті. – Барлық кандидаттар үшін БАҚ-тарға тең қол жеткізу та­лабы, жалпылай алғанда,  орын­далып отыр деген тұжырым жасауға болады, – деді оты­рыста Орталық сайлау комис­сиясының мүшесі, Қоғамдық кеңестің тө­р­айымы Ләззат Сү­леймен. – Баспа және элек­трон­ды БАҚ-тарда кан­дидаттардың қызметін жариялау тең жағ­дай­да және шамамен тең көлемде жүр­гізіліп келеді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.