• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Миссия басшысымен әңгіме

438 рет
көрсетілді

23 наурыз күні Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі миссиясының басшысы Даан Эвертсті қабылдады, деп ха­барлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің баспа­сөз қызметі. Әңгімелесу барысында Қа­зақ­станда өтетін алдағы президенттік сайлау мәселелері та­л­қы­ланды. – Бұл маңызды кездесу бол­ды. Мен президенттікке көрнекті кандидат Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестім. Біздің миссия­мыз­дың міндеті – Қазақстандағы сайлау жүйесін жақсарту және сайлауды өткізу тәжірибесін байқау. Президент алдағы сай­лау­ды ашық, таза және әділ ба­ғалауға кеңес берді, – деді журналистерге арналған брифингте Д.Эвертс. Бұдан бұрын хабарланғанын­дай, биылғы жылғы 3 наурызда «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында болғанында, Президент белсенді сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүр­гіз­бейтінін, ал мемлекеттік сая­сатты іске асыруда өзекті мәсе­ле­лермен айналысатынын атап көрсеткен болатын. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ сайлауалды кезеңде қолданыстағы заңнама­ны қатаң сақтау қажеттігін атап өткен еді. Мемлекет басшысы бар­лық деңгейдегі әкімдердің назарын сайлау заңнамасын сақ­тау қажеттігіне аударған. Бар­лық мемлекеттік билік орган­да­ры сайлау науқанының барысы­на араласпай, тек өз істерімен шұғылданулары керек. Президент Бас прокуратураға заңнама­ның сақталуын қадағалауды қам­тамасыз етуді, сайлау ту­ралы заңнаманың бұзылғандығы жайлы шағымдар мен өзге өтініштер туралы деректерге жедел назар салып, қандай да бір құқық бұзшылық деректері орын алған жағдайда оны тез арада жойып, бұл ретте принципшілдік танытулары қажеттігі туралы тапсырма берген. Соны­мен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрлігіне сайлауалды үгіт-наси­хат кезеңінде кандидаттардың бұ­қа­ра­лық ақпарат құралдарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырған. Мемлекет бас­шы­сы сайлауға байқау жүргізуді және қоғамдық байқауды қам­тамасыз ету қажеттігін атап өткен. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ