• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2011

Мәселенің бәрі маңызды

364 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен осы ұйымның жылдық қорытындысына арналған мәжіліс өтті. Мәжілісте федерацияның өт­кен жылғы жұмысы, төрешілер мен бапкерлердің қызметі, ерлер және әйелдер арасында өткен ел чем­пионатының қорытындысы, елімізде алғаш рет ұйымдастырылған әйел­­дер арасындағы Азия чем­пио­наты, «Астана арландары» кә­сіп­қой спорт клубы» ЖШС-нің қыз­меті мен басқа да мәселелер қаралды. Осы мәселелер бойынша жиын­да федерацияның басшылары сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар ту­ралы кеңірек мәлімет берді. Онда ерлер және әйелдер арасында өткен халықаралық, елішілік жарыс­тар­дың нәтижелеріне жоғары баға берілді. Мәселен, боксшылар ара­сын­да бәсекелестікті арттыру үшін өт­кен Қазақстан Бокс федера­ция­сы­ның кубогы жолындағы жарыстар мен басқа да турнирлерге мамандар тарапынан лайықты баға берілсе, жиынға қатысушылардың бәрі Бүкіләлемдік бокс тұжы­ры­мы бойынша кәсіпқой бокс­шы­лардың арасында өтіп жатқан жа­рысқа қатысу үшін құрылған «Ас­тана арландары» ұлттық құра­ма­сының нәтижелерін бас бармақ­пен бағалады. Естеріңізге сала кетсек, «Астана арландары» командасы жақын­да Оңтүстік Кореяның «Қызыл қанат­тылар» боксшыларымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, «арландар» жартылай фи­налға жол­дама алса, оның құра­мындағы Қ­а­нат Әбутәліпов пен Ер­жан Мү­сә­піров Олимпиада жол­дамасы үшін күресу мүмкіндігіне ие болды. Ал әуесқойлар арасында өткен соңғы жарыста Қазақстан құрамасы 3 алтын жүлдені жеңіп алды. Баку қаласында өткен халықаралық турнирге барған 10 боксшының ішінде Мәди Шолақов (55 кг.), Ғани Жайлауов (60 кг.) пен Бақытжан Қожа­беков (69 кг.) алтыннан алқа тақты. Дегенмен, бокстағы осындай көңіл көншітерлік нәтижелер ай­тылғанымен, мамандар балалар жә­не жасөспірімдер, жастар боксын, спорттық медицинаны дамытуда, төрешілер мен бапкерлер қызметін жетілдіруде кемшіліктердің бар екенін жасырмады. Осы мәселеге бай­ланысты бірнеше ұсыныстар жа­сал­ды. Мәселен, федерация бас­шы­сы Тимур Құлыбаев Қы­тай­да әрбір боксшыны жарысқа дайын­дау үшін онымен төрт дә­рі­гердің, ал бізде бір ғана дәрі­гердің жұмыс істейтінін ай­тып, алдағы кезде біздің елде де бір боксшымен бірнеше адам жұмыс істеу керек деген ұсынысын білдірді. Сондай-ақ, мамандар балалар мен жасөспірімдер боксын қол­дау үшін Бокс академия­сы­ның құ­ры­лысын тез­детіп, онда жастардың бойын­дағы қабілет-дарынды ашу үшін бар жағдайды жасау керектігін ескертті. Сонымен бірге, мәжілісте осы жы­лы Астанада тұңғыш рет кадеттер арасында өтетін әлем чем­пио­на­тына дайындық, 2013 жылы ересектер арасында әлем чемпионатын өткізу, Лондон Олимпиадасына жолдама алу мәселелері қаралды. Дастан КЕНЖАЛИН.