• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2011

Біздің академияны білесіз бе?

419 рет
көрсетілді

Елі­міз­дегі беделді, мемлеке­ті­міздің экономи­ка­лық қауіп­сіздігін қам­тамасыз етуге бейінді оқу орын­дарының бірі – Эконо­ми­ка­лық қылмысқа және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес агенттігі жа­нындағы Қар­жы полициясы акаде­миясы соңғы он екі жылдың ая­сында жоғары білікті қаржы по­лициясы мен кеден қызметі ма­ман­дарын даярлап шығаруда. Жыл сайын академия тыңдау­шы­лары­ның қа­тары 120 шәкіртпен толы­ғып, олар құ­қық­тану, құқық қорғау қызметі және кеден ісі маман­дық­тары бойынша дәріс алады. Қаржы полициясы академия­сында оқу мерзімі – 4 жыл. Оқуды тәмамдаған сол тиісті мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне қоса қаржы поли­ция­сының немесе кеден қызметінің лей­те­нанты шені беріледі. Сондай-ақ, ма­ман­дығын көтеріп, кәсіби білігін жетілдіре түсу үшін оқу орнынан магистр дәре­жесін алып, экономикалық қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлық мәселелерін тереңірек зерттеу мақ­са­тында философия докторы дәрежесін қорғауға болады. Кітапхана қорында жалпы және арнаулы әдебиеттің мол болуы болашақ мамандардың акаде­мия­лық үдеріске ете­не араласып, тың­ғылықты білім алып шығуларына мүмкіндік береді. Академияның елдің басқа, со­ның ішінде, салалық оқу орын­дары­нан ерек­­ше бір айырма­шы­лы­ғы – құ­қық­тық пәндерге қоса экономикалық са­бақ­тардың үлес салмағы басым. Эко­но­микалық тер­геу және жедел эко­но­ми­калық мамандану жөніндегі арнаулы сабақ­тарға қоса сап құрап жүру, қару ату машықтарына жете мән беріледі. Академияда оқуға та­лаптанған түлектердің жасы 16-ға тол­ған, дене-бітімі шы­мыр әрі денсау­лық­тары мықты болу­ға тиіс. Оқуға түсер кезде, алдымен, жеке іс парағын жинау үшін жергілікті кеден ісі мен қаржы полициясына бару қажет. Өйткені, үміт­кер туралы мәліметтер жинау және ме­ди­циналық тексеруден өту сынды жұ­мыс­тарға шамамен 1-2 ай уақыт кетеді. Сон­дық­тан аумақтық орган­дарға наурыз айынан қалмай бар­ған абзал. Бұдан кейін канди­дат­тың жеке іс парағы Акаде­мия­ның қабылдау комис­сия­сы­на жіберіледі. Комиссия қабылдауы жыл сайын 1-9 шілде аралығында үш кезең бо­йын­ша жүргізіледі. Бірінші кезең­де меди­ци­на­лық және жеке көр­сет­кіш­тер бойын­ша іріктейді; екінші ке­зең­де үміткерлер ҰБТ немесе кешенді тестілеу қорытын­дылары (тесті­­леудің төртінші пәні – Бүкіл әлемдік тарих) бойынша іріктеледі; үшін­ші кезеңде іріктеу нәтижесі бо­йынша қабылдау комиссиясы тың­­дау­­шылар қатарын сұрып­тай­ды. Кон­­курс­тық іріктеу кезінде «Ал­тын белгіні» иелену, халық­аралық, рес­пуб­ликалық олим­пиа­да­лары мен ғы­лыми сайыс­тарда жеңімпаз болу сын­ды оқудағы жетістіктер де ескеріледі. Академия туралы толыққанды ақ­паратты қаржы полициясы акаде­мия­сының www.academfinpol.kz немесе Эко­номикалық қылмысқа және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы күрес агент­тігінің веб-сайтындағы (www.finpol.kz) «Қаржы полициясы академиясы» бөлі­мінен немесе қаржы полициясы және кеден қызметінің аумақтық органына хабарласу арқылы алуға болады. Әбдірәлі БӨЛЕБАЙ, Қаржы полициясы академиясы баспасөз қызметінің жетекшісі. Астана.